сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 27.09.2023 11:22

Азия ойындарында Қазақстан алғашқы алтынын алды

Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық мергендер Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Отандастарымыз стенд атудан skeet бағдарламасы бойынша командалық жарыста бірінші орын алып, Азия ойындарының алтын медалін иеленді. Екінші орын қытайлық спортшыларға бұйырса, Тайланд өкілдері үшінші болды. Стенд атудан Қазақстан намысын Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина қорғады. Бұл Қазақстанның Азия ойындарындағы алғашқы алтыны болды.

Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге бір алтын, екі күміс, алты қола иеленді.