сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
17 12.10.2023 16:50

Республика күні қарсаңында Алматы және Астана қалаларында митинг өтпейді

25 қазанда митинг өткізуге өтініштер түскен жоқтығын tez news тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 
Әлеуметтік платформаларда, әсіресе TikTok желісінде 25 қазан - Республика күніне жоспарланған митингілер туралы көптеген бейне роликтер жариялана бастады.
Желі қолданушылары митинг кезінде жалақы, медицина, білім салаларына қатысты мәселелерге тоқталатынын айтады.
“Экспорттық кәсіпорындарындағы жалақыны орташа 1 миллион теңгеге, кемінде 500 мың теңгеге дейін  жоғарылатсын. Зейнеткерлерге қосымша 150 мың теңге зейнетақы берілсін. Әлеуметтік төлемдерді көтерсін. Мысалы, мүгедектікке: 206 040 теңге, балалар: 35 350 теңге – 4 жасқа дейін; жаңа туған нәрестелерге: 202 000 теңге; жұмыссыздық үшін: 75 750 теңге төленсін. Барлық тұтынушылық несиелері кешіріліп, тегін медицина және біліммен қамтамасыз етсін. Сондай-ақ утильсбор — қайта өңдеу жинағы жойылып, яаяси тұтқындарға бостандық берілсін", - деген талаптарымен алаңға шығатынын айтты. 
@tleuliyevzk
Дегенмен Алматы және Астана қалаларының басшылығы митинг туралы хабарландырулардың түспегенін, хабарламаны жоққа шығарып, ешқандай өтініш түспегенін алға тартады.