сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
1 12.10.2023 17:54

«5G желісі инновацияның дамуына тың серпін береді»

aqorda

Президент республика аумағында 5G желісін дамытуды тапсырды, деп хабарлайды teznews тілшісі.

Жасанды интеллект элементтерін пайдаланатын стартаптар Қазақстанда және әлемде жоғары сұранысқа ие. Сондықтан елімізде бұл саланы дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар міндеттелді. Бұл туралы Aqorda-ның ресми telegram арнасында айтылды.

Мемлекет басшысының сөзінше желінің жаңа деңгейі инновацияның дамуына тың серпін бермек.

«Ұлттық статистика бюросын нағыз цифрлық ведомствоға айналдыратын маңызды реформаны жүзеге асыру керек. Статистикалық және басқа да деректерді ретке келтіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет.  5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді. Бұл процесс Қазақстанда қазірдің өзінде жүріп жатыр»,-деп баяндады Мемлекет басшысы Digital Bridge форумында.

Бұл мәселені Үкімет әлі жан-жақты пысықтауы керек.

Сондай-ақ, заңнамаға өзгерістер енгізуге болады. Халықаралық форумда Президент жауаптыларға екі жыл ішінде жасанды интеллектіге маманданған дата-орталықтардың құрылысын жүргізуді тапсырды.