сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
1 12.10.2023 18:2

Қазақстандық пойыздарда интернет қолжетімді

hdpic.club

Енді қазақстандық пойыздарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін қызмет енгізілді, деп хабарлайды teznews ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігі баспасөз қызметі енді пойыздарда жолаушылар интернетті кеңінен пайдалана алатынын хабарлады. Жол жүретін азаматтар байланыс құрылғыларымен ішкі Wi-Fi нүктелеріне қосылып, ғаламторды пайдалана отырып, түрлі фильмдерді тамашап, сүйікті әндерін тыңдай алады.
Аталған қызмет түрі поезда қатынайтын жолаушылар үшін тегін екенін еске саламыз.
Бұл аталған қызметті қолдану үшін жолаушы өз телефонында Wi-Fi-ды қосып, ашық жүйеден KTZ желісін таңдауы қажет. 
Барлық қолданушы http://vputi.kz сайтына өту арқылы теміржолда енгізілген жаңа мүмкіндіктерді пайдалана алады.