сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
1 12.10.2023 18:14

15 жасар қыз өз жездесінен жүкті болған

qaz.ulysmedia.kz

Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыз өз жездесінен жүкті болған, деп хабарлайды teznews тілшісі Orda.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Бойжеткеннің құрсағындағы баланың әкесі ретінде әпкесінің жұбайы аталуда. 15 жасар оқушы Талдықорғанның орта білім беру мекемелерінің бірінде оқиды. 
Бұл жағдай медициналық тексерістен соң анықталған. Ақ халаттылар оқушының бұл жағдайы туралы білгенде, өз әпкесінің күйеуімен өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскенін мойындады. 
Болашақ ана мектеп өміріне белсенді түрде  қатысады әрі жақсы оқиды. 
Қазір полиция кәмелетке толмаған жасөспірімнің жүктілігіне қатысты тексеруді бастады.
Өңірдің Полиция Департаменті оқиғаға қатысты:
"ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама нәтижелерін алғаннан кейін қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілетін болады", - деп хабарлады.
Он алты жасқа толмаған бойжеткен көктемде босанып, «жас ана» атанбақ.