сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
0 12.10.2023 18:30

Көпке үлгі болған. Бар ақшасын қайырымдылыққа берген миллиардер қайтыс болды

Duty Free дүкені

Бар байлығын қайырымдылыққа жұмсаған миллиардер қайтыс болды, деп хабарлайды teznews тілшісі Forbes.ru сайтына сілтеме жасай отырып. 

Кәсіпкер, Duty Free дүкендер желісінің негізін қалаушы Чак Фини 9 қазанда Сан-Францискода қайтыс болды. 92 жасында қайтыс болған бизнесмен миллиондаған долларлық бизнесті құрып, лайықты байлық жинап қана қоймай, оның көп бөлігін қайырымдылыққа беріп отырған.

Forbes тізіміне енген кәсіпкер көзі тірісінде 8 миллард долларын қайырымдылық қорына беріп, зейнет жасына тек 2 миллион доллар ғана қалдырған.

Тіпті милллиардер өмірінің соңғы 30 жылында жалдамалы пәтерде тұрып, жеке көліксіз қатынаған. 

Финидің өмір жолына үңілсек 1988 жылы ол алғаш рет Forbes журналының АҚШ-тың ең бай 400 миллиардерінің тізіміне енген. Сол кездері оның байлығы 1,3 миллиард долларға бағаланған.

Фини капиталының әлдеқайда көп болғанына қарамастан жасырын түрде қайырымдылық қорына үлкен көлемде қаражат аударып отырған.

Өмірінің соңына дейін қайырылымдылық жасауды ұмытпаған Чарльз Фрэнсис Фини американдық кәсіпкерлер Билл Гейтс пен Уоррен Баффетке үлгі болған-ды. Тіпті олар "сыйлық антын" құруға шабыттанып, планетаның ең бай адамдарын өз байлығының көп бөлігін қайырымдылыққа беріп отыруға бағыттаған.