сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
4 12.10.2023 19:0

"Қаржыны оңды-солды шаша алмаймыз". Депутат грантта оқығандарға қатысты пікір білдірді

Депутат грантта оқыған жастарға өзге мемлекетте жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды teznews тілшісі.

Депутат Фарид Әбітаев мемлекеттік грантта оқыған түлектерге оқуды бітірген соң шетелге кетуге тыйым салуды ұсынып отыр.

Оның айтуынша, тыйым салу арқылы елдегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге болады.

“Шын мәнінде, біздің зияткерлік меншік жоғалып жатыр. Егер мемлекет оқыта тұра шетелге маман боп кетсе, онда игерілген қаражатты қайта қайтаратындай талап қойылуы керек. Егер бұл сауал облысытың аймақта шешілмесе, мәжіліске хат жолдау керек. Себебі біз бұлай қаржыны оңды-солды шаша алмаймыз”, – деді ол. 

Бүгінде Шығыс Қазақстаннан мемлекет есебінен оқып, қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өткен 960 жас шетелге кеткен. Яғни, мемлекет тарапынан олар мамандық бойынша жоғары оқу орнында тегін білім алған. Алайда оқуды тәмамдаған соң, қызмет етпей шетелге кекен.

Депутат Әбітаев мемлекет есебінен оқыған адамның өз елінде белгілі бір уақыт аралығында жұмыс істеуі керек екенін айтады. Ал бұл ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының басқа да депутаттары қолдаған болып шықты.