сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
27 13.10.2023 10:21

"Бауыр керек!". Әлеуметтік желіде бауырлардың видеосы көпшілікті сүйсінтті

Фото әлеуметтік желіден алынған

Әлеуметтік желіде әскерде жүрген сарбаз бен бауырының видеосы қолданушылардың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды teznews тілшісі.

Тараз қаласында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз бен оған арнайы келген бауырының кездесуінен жылы естелік видео тарады. Кадрдан сарбаз бауырын көріп көзіне жас алғанын байқауға болады.

Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жігіт өзіне келген қонақты көріп,  бірден құшақтай жөнеледі. Тіпті сарбаз көзіне жас алды.

Әлеуметтік желіде видео көргендер түрлі әсерге бөленіп, өз пікірлерін қалдыруда:

“Жаным қуанған жүрегіңнен”, “Қандай керемет, қашанда бауыр керек”, “Әскерде қанша отан қорғар азамат болсаң да жақындарың үшін тәтті бала болып қала бересің”, – деп жарыса жазысты пікір қалдырушылар.