сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
24 13.10.2023 10:45

"Мен барлығын өз пайдам үшін пайдаланамын". Сабина Алтынбекова желіде жазба қалдырды

sportx.kz

Танымал спортшы Сабина Алтынбекова өзіне тағылған айыптауларға қатысты жауап берді. Отандық спортшы бұл әрекеттерді "көре алмайтын адамдардың ісі" деп бағалаған, деп хабарлайды teznews ақпараттық порталы.

Отандық спортшы өзінің инстаграм парақшасында өз тарапына айтылған пікірлерге жазба арқылы жауап берді.

"Қызғаншақ адам пешті жағып, өзін сол отқа тастаған адам сияқты. Көреалмаушылық – көп қиыншылықтың себебі. Көреалмаушылық адамның жүрегін қарайтып, бақытсыз етеді, өйткені оның жүрегі көреалмайтын адамы өзіне берілген жақсылықтан айырылғанда ғана тыныштық табады. Сондықтан мен белгілі бір адамдарға өтініш білдіремін,  сіз менің жолымды жабуға тырысып, бүлдіргеннен, кейбір БАҚ-ты сатып алып, кейбір адамдарға арыз жазу үшін пара бергеніңізден менің өмірім өзгермейді. Менің абыройыма нұқсан келтіре алмайсыздар, өйткені ақылды адамдар барлығын түсінеді. Сіздер әрекеттеріңізбен менің өмірімді бүлдіруге тырысып жатқанда, мен барлығын өз пайдам үшін пайдаланамын", – делінген Сабина Алтынбекованың желідегі жазбасында.

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың онлайн курстарына көңілі толмаған оқырмандары полицияға шағым түсіріп, ақшаларын қайтаруды да талап еткен. 

Модель, волейболшы, осыған дейін 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін желіде ең "сұлу" спортшы ретінде танылған еді.