сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
1 13.10.2023 12:12

Танысын өлтіруге тапсырыс берген

polisia.kz

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірмек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Астаналық полицейлер тапсырыспен кісі өлтірмек болған екі күдіктіні ұстаған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, тапсырыс беруші өз танысын өлтіру мақсатында арнайы киллерді жалдаған.

Қылмысқа тапсырыс берген азамат жұмсалған мүлік үшін жауапкершілікті алғысы келмей, танысының көзін құртпақ болған. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында қос күдікті Астана – Көкшетау тас жолында ұсталғаны белгілі болды. 

Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 оқ-дәрі табылды. Сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді, - деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.

Қазір кісі өліміне тапсырыс беруші мен орындаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.