сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
4 13.10.2023 13:21

Сәкен Майғазиев жол апатына түсті

stan.kz

Әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түсті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы жол апатына ұшырағанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Жолда сақ болыңыздар! Бір Алла қақты! Сарыағашқа келе жатыр едік. Осындай жағдай болды. Бәрі жақсы болсын. Бәле-жаладан сақтасын. Абайлап, асықпай жүріңіздер! Жол тар, көлік көп. Бір-бірімізді басып озамыз деп осылай болды. Алла жар болсын. Аман қалғанымызға Аллаға шүкір”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Өнер иесі өз парақшасында жол апатының видеосымен бөлісті. Онда бір-біріне соқтығысқан екі көліктің жағдайын көруге болады. 
“Музарт” тобының әншісі Сәкен Майғазиев болған оқыс жағдайға алаңдап, жағдайын сұраған оқырманға өз алғысын білдірді.

“Ең бастысы аманбыз. Сарыағашқа барып ән кешімізді өткізіп, салтанатты тойға қытысып, аман-есен Шымкентке оралдық. Алла осылай сабақ беріп, сынап қояды”, – дейді ол.