сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
4 13.10.2023 16:32

Iphone 15 смартфонының құны қанша?

stylishbag.ru

Apple компаниясы күзде таныстырған iPhone 15, iPhone 15 Pro және басқа да жаңа смартфондардың Қазақстандағы бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

iPhone 15 және 15 Pro смартфондары 13 қыркүйекте Apple компаниясының ресми сайтында таныстырылған болатын.

Жаңа модельдердің корпусы титаннан, қуаттағышы Type-C. Смартфондар бес түсте: қызғылт, қара, ақ, сары және ашық жасыл. Смартфон корпусының шеттері дөңгеленген алюминийден, алдыңғы және артқы жағы шыныдан жасалғаны белгілі. 

Жаңа смартфондардың бағасы АҚШ-та 465.000 теңгеден басталады. Ал Қазақстанның техника сататын дүкендерінде Iphone смартфондары: 

Iphone 15 - 499.546 тг;

Iphone 15 Pro - 684.454 тг;

Iphone 15 Pro MAX - 859.990 тг-ден бағаланады. 

Ал Apple компаниясының Iphone Pro Max 1 Tb смартфоны елімізде 1 444 851 тг-ден сатылып жатыр.