сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
1 13.10.2023 16:55

Жамбылда ер адам ірі көлемде есірткі тасымалдағанын білмеген

aqmeshit-zhastary.kz

Жамбыл облысында ер адам досының өтінішімен қандай затты тасып жатқанын білмеген, деп хабарлайды Teznews.kz тілшісі.

Ер адам білместікпен аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған.  Қылмыстық іс туралы облыстық Полиция Департаменті мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Шу ауданының полицейлері есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісін анықтаған.

Шу-да бекітілген аумақты патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары Nissan Maxima көлігін тоқтатқан. Нәтижесінде көліктің жүксалғышынан жалпы салмағы 8 кг 750 г кептірілген марихуана салынған қап табылды. Тыйым салынған зат бұрын осындай қылмысы үшін сотталған 28 жастағы жолаушыға тиесілі болып шықты.

Күдіктінің айтуынша, ол досынан ауыр сөмкені тасымалдау қажеттілігіне байланысты оны көлікпен алып кетуін өтінген.

Жүргізушінің сөзінше, өзімен бірге аса ірі мөлшерде есірткі алып жүргенін білмеген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.