сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
1 13.10.2023 17:15

Шымкентте басқарма басшысы 1 миллион теңге көлемінде пара алған

Шымкентте Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысы парамен ұсталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Үшінші мегаполисте басқарма басшысы еңбек шартын ұзартып, қызметте жалпы қамқорлық көрсеткені үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.  Бұл қылмысты қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әшкереледі.

“Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі”, – делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, Шәкеев Сәкен 2023 жылғы 10 наурыздан бастап Шымкент қаласының мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған болатын.