сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
1 13.10.2023 17:25

Алматыда жас қыз жоғары қабаттан секіріп, суицид жасады

Алматы қаласында бойжеткеннің суицид жасағаны белгілі болды, деп Teznews.kz ақпараттық порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнынан фото мен видео әлеуметтік желіде тараған. Видеода марқұмның «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің жоғары қабатынан секіріп кеткені айтылған.

Алматы қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр. Желідегі видеодан етпетінен жерде жатқан жансыз қызды көруге болады. 

«Бұл іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.