сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
0 14.10.2023 11:56

Полиция қызметкерінің киімін киген бүлдіршін көпшілікті сүйсінтті

smi24.kz

TikTok желісінде кішкентай полицей тәтті қылығымен көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Желі қолданушылары кішкентай полицеймен түскен фото-видео суреттерін жүктеп, кадрды жариялап жатыр. 

NewTimes.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жол полициясы қызметкерінің киімін киген сүйкімді балақай қыз бала.

Ақтаулық тұрғын көшеде келе жатып, кенеттен жол полициясының формасын киген кішкентай баланы көрген.

«Қараңдаршы, мен кімді көрдім. Бұл біздің жол полициясы. Мына балаға қараңдар. Қандай тәтті бала»,-делінген кадрда. 

Соңында жолаушы кішкентай балаға шоколад пен ойыншық мылтық сыйлады.