сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
3 14.10.2023 19:58

Қазақстандық ойыншы әлемнің ең үздік шахматшысын жеңді

instagram.com/chessbaseindia

Қазақстандық Әлішер Сүлейменов әлемнің ең үздік шахматшысын жеңді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Дохада өтіп жатқан Qatar Masters Open турнирінің екінші айналымында әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді 23 жастағы қазақстандық спортшы сенсациялық түрде жеңіп кетті.

FIDE әлемдік рейтингінде жас спортшы Әлішер Сүлейменов 528-орында тұрса, оның қарсыласы Карлсен бірінші орында тұрған болатын.

Қарсыласын жеңген спортшы:

«Өзімді қалай сезініп тұрмын дейсіз бе? Тіпті, не айтарымды да білмеймін. Шынымен өзімнің жеңіп кеткеніме әлі сене алар емеспін. Ойынның алдында егер тең ойын болса, керемет болар еді деп ойлағанмын, тіпті жаттықтырушым да солай деген еді», – дейді Әлішер Сүлейменов.