сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
68 15.10.2023 9:58

Қазақ қызын жезөкшелікке сатып жібергендер ұсталды

golos-naroda.kz

Оңтүстік Кореяда 20 жасар қазақстан азаматын жезөкшелікке сатып жіберген, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы жергілікті басылым хабарлаған.

Yna.co.kr басылымы мәлімдегендей, полиция қызметкерлерлі өзге елмен хабарласып, шетелдік әйелдерді Оңтүстік Кореяға алдап шақырып, лас әрекететермен айналысуға мәжбүрлейтін қылмыстық топты ұстаған. 

Олардың арасында  40 жастағы Қазақстан азаматы да болған.

Қылмыскерлер 20 жасар қазақ қызымен байланысып, Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беруге уәде еткен. Елге келген соң бойженткеннің құжаттарын тартып алып, оны зорлаған. Бұл әрекеттерін видеоға түсіріп, оны таратамын деп қорқытқан. Кейіннен бойжеткенді жезөкшелікке сатқан.

Қылмыстық топтың ісі Оңтүстік Кореяның Чеджу провинциясы астанасының аудандық сотында қаралды. Қылмыскерлерге "шетелдік әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі" деген айып тағылып, сот үкімімен олар бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды.