сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
5 15.10.2023 15:40

Кәсіпқой боксшы Тоқаевтан көмек сұрайды

egemen.kz

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне-үндеу жасады, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Былғары қолғап шебері Қанат Ислам Instagram желісіндегі парақшасында кәсіби бокс кештерін өткізе алмай жүргенін айтып Президенттен көмек сұраған видеосын жариялады. 

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Менің атым Қанат Ислам, мен кәсіби боксшымын. Біз Qazaq promotion компаниясымыз 2016 жылдан бастап кәсіби бокс кештерін өткіземіз, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов, Айдос Ермосынұлы көрсетіп, осындай кештердің бірінде алғаш рет дебют жасадық. 2019-2020 жылдардан кейін әр түрлі себептермен біз кәсіби бокс кештерін өткізе алмаймыз. Сіздер осындай бокс кештерін өткізу мүмкіндігін жеке қолдап, бақылауға аласыздар деп үміттенеміз. Біз қазір кәсіби бокс кешіне дайындық жүргізіп жатырмыз. 10 спортшы 16 желтоқсанда Астанада өнер көрсетуге дайындалуда", - деді Қанат Ислам.