сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
1 15.10.2023 21:28

Израильде қайтыс болған қазақстандықтар жоқ - СІМ

Израильде қайтыс болған қазақстандық туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бұған дейін Израиль Қорғаныс армиясының баспасөз қызметі ХАМАС ұйымының 7 қазанда Израильге жасалған шабуылы кезінде қаза тапқан және жоғалып кеткен шетелдік азаматтардың тізімін жариялаған еді. Кестеде Қазақстанның бір азаматының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы дерек бар.

Алайда бұл мәліметке қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Израиль билігі кестеде кеткен қате үшін кешірім сұрады", - дейді ол.