сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
35 16.10.2023 15:47

"Сөз жоқ шынымен" - әнші Индира Расылхан көз жасына ерік берді

@indirarasylkhan парақшасынан

Әнші Индира Расылхан өзіне келген жағымсыз пікірден соң көзіне жас алды, деп хабарлайды Teznews ақпараттық порталы.

"Алламен байланысты нығайту мақсатында эксперт" деп танылған әнші Индира Расылхан бірнеше уақыт бұрын орамалға келген болатын. Алайда оған желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда. Instagram желісін қолданушылардың бірі Индира Расылханның парақшасында әншінің көңіліне тиетіндей пікір қалдырған. 

"Осы албастыларды көрсем, жыным келеді. Неге қазақтың киімін кимейсіңдер? Олай болса, ақшасы көп арабқа тиіп ал. Солардың қатыны бол, бәрібір байсыз жүрсің ғой... Осындай киінгеннің бәрі солай”, – деп жазған желі қолданушысы жағымсыз сөздерді жолдаған. 

"Сөзім жоқ шынымен" деген парақша иесі бұл пікірге жауап беріп, көзіне еріксіз жас алды:

“Сөзім жоқ шынымен…Мен осындай комментарийден  шаршадым. Сіздер неге бір сәтке “Мен кімнің ақысына кіріп жатырмын? Адамның ақысына кіріп жатырмын ғой. Ертең Алланың алдында жауап беремін ғой. Олардың істеп жатқаны дұрыс шығар?", – деді эскперт. 

Жүктелген видеоға желі қолданушылары түрлі пікірін жазып, ой бөлісуде. Оқырмандар арасында  "Неге жылап отырсыз? Сіз елдің алдында жүрген адамсыз, көтере біліңіз"; "Имандылық жүректе"; "Сабыр сақтаңыз!"; "Ешкімге ештеңе түсіндіруге міндетті емессіз" деп қолдағандар бар. Ал ендігі бірі "Пікірді көтере алмасаңыз, инстаны өшіріп тастаңыз", “Орамал таққан соң, оның артында сынағы бар”, “Әдемілеп кимешек тіктіріп кисеңші, өтірік мүләйімсімей”,- деп шулауда.