сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
7 16.10.2023 15:58

Қайрат Боранбаевтың меншігіндегі қонақ үй мемлекетке қайтарылды

rus.azattyq-ruhy.kz

Қайрат Боранбаевтың кезекті мүлкі мемлекетке қайтарылмақ, деп Teznews.kz ақпараттық порталы El.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Экс-кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың иелігіндегі компаниялар Мемлекеттік мүлік комитетіне құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үйді мемлекетке өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдерді ұсынған.

«Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенінің аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Ал оның жылдық айналымы 900 миллион теңгеге жуық екені айтылды.

Әзірге елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес нысанды әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланып отыр.