сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
4 16.10.2023 16:52

Елімізде тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

365info.kz

Қазақстанда тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы @ztb_qazaq телеграм парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстанда тағы бір ауыл спирттік ішімдіктен бас тартты. Бұл - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының ауылы.

Тұрғындар бұл шешімді қабылдаса да, ауыл әкімі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Ауыл басшысы Қайыржан Тұрғанбеков ішімдіктен бас тартуға қарсы болғандар да бар екенін айтқан. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде 11 ауыл, Жамбыл облысында бес бірдей ауыл спирттік ішімдіктен өз еркімен бас тартқан болатын.