сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
3 16.10.2023 17:22

Газа секторында 67 Қазақстан азаматы бар

rus.ozodi.org

Газа секторында 67 қазақстандық азамат бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл ақпаратты ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров айтты.

Израиль мен Палестина арасындағы соғыс өршіп тұр. Израиль мен Газа секторында бірнеше қазақстандық азаматтар бар.

Абырой болғанда қаза тапқандардың ішінде жерлестеріміз жоқ.

Израильден 19 Қазақстан азаматы ұшып келген.

Израильдегі Қазақстан елшілігі елден ұшуды үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда. Газа секторында 67 Қазақстан азаматы, олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, 100-ден астам азамат бар. Отандастарымызбен байланыс үшін өзекті деректер жарияланып отырады,- деді Сыртқы істер министрінің өкілі.