сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
83 16.10.2023 18:31

Сара Амангелді әнші Тұрар Ыдырыспен ара-қатынасы туралы айтты

Instagram желісінен алынды

Әлеуметтік желіде Сара Амангелді мен Тұрардың бірге түскен видеолары тарап кеткен. Әнші Сара Амангелді өнер иесімен ара-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Әнші «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасына берген сұхбатында тараған видеолар түсірілім алаңында түсірілгенін айтты.

"Бұл кино қоғамдағы әңгіме, ата-аналардың тойға дайындығы жайында болады. Онда мен күйеуге шығып жатқан қыздың рөлін ойнаймын. Тұрар екеуміз бұған дейін таныспаған едік", - деді Сара Амангелді.

Әлеуметтік желіде Тұрар мен Сараның бірге түскен фото-видеолары тарап кеткен болатын. Оқырмандар өнер иелерін "жарасымды жұп" деп таныды.

Сондай-ақ Сара Амангелді алдағы уақытта Тұрармен бірге ән орындағысы келетінін айтты.