сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
5 16.10.2023 18:55

Биіктіктен құлаған үшінші альпинист қайтыс болды. Төртіншісінің жағдайы ауыр

ru.sputnik.kz

Астанада биіктіктен құлаған төрт альпинистің тағы біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жансақтау бөлімінде жатқан үшінші альпинист қайтыс болған. Ал төртнішісінің жағдайы ауыр.

12 қазан күні Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде төрт жұмысшы биіктен құлап, екеуі қайтыс болған еді.

Ведомствоның мәліметінше, 1999 жылғы науқас ауыр халде көптеген ауыр ішкі жарақаттармен № 2 көпсалалы қалалық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылып, онда барлық қажетті жедел көмек көрсетілді. Алайда 24 жастағы жігіттің өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

«Осы уақыт аралығында науқас ауыр жағдайда болды. Аурухананың медициналық қызметкерлері жүргізген барлық емдеу кешеніне қарамастан, өкінішке қарай, науқасты құтқару мүмкін болмады», - делінген хабарламада.