жұма, 18 қазан 2024
Таным 21 17.10.2023 11:36

Неке куәлігі некелесушілерге тек естелік - Нұрлан имам

Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Әлеуметтік желідегі белсенділігімен танылған Нұрлан имам некені мешітте қиюға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы. 

Астана қаласындағы Ырыскелді мешітінің бас имамы Нұрлан Асанов неке куәлігі ресми құжат емес, естелік екенін айтады.

Имамның мәлімдеуінше, неке мемлекеттік заңнамаға сай тіркелу үшін АХАТ бөліміне барып,  тіркеуден өту қажет. Ал мешітте қиылған неке бұл рәсімнің баламасы бола алмайды. 

Елімізде мешіттерде жүргізілетін діни неке қию рәсімі діни жоралғылардың санатына жатады. Қиылған некені куәландыратын неке куәлігі некелесушілерге тек естелік ретінде ғана беріледі. Ол куәлік Қазақстан Республикасы, АХАТ бөлімімен берілетін неке құжатына тең келетін дәрежедегі заңды күшке ие емес. Осыған орай, еліміздегі барлық мешіттердегі неке қию рәсімі тек қана АХАТ бөлімінің тіркеуінен кейін жүргізіледі. Себебі, некелесудің арғы жағында үлкен жауапкершілік, зор талап, өмірлік ұрпақ тұрады, - деді Нұрлан Асанов.