сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 19 17.10.2023 11:49

Несие төленбесе банк қарызды кешіреді ме?

Liter.kz.

Банк немесе қаржылық ұйымдар борышты өтеу туралы талап енгізбесе, борышкер қарызын қайтармауға құқылы болады, деп хабарлайды Teznews.kz тілшісі.

Бұл туралы заңгер Бағдат Амандосұлы Информбюро тілшілеріне берген сұхбатында айтты.

Бес жыл ішінде өтелмеген несие тікелей сотқа жолданбаса, тұтынушы қарызынан құтылатыны белгілі болды.

Егер тұтынушы әлдебір қаржы ұйымынан белгілі мөлшерде несие рәсімдеп, оның көп бөлігін төлейді. Алайда белгілі пайызды қайтара алмаса қарыз берген ұйым дәл сол күннен бастап бес жыл бойы қарызды өндіру туралы талап-арыз жазуы тиіс.

«Банк тарапынан 20 күннің ішінде қарыздың сомасын және оны өтеу туралы хабарламаны жіберуге міндетті. Себебі банк 20 күннің ішінде оны жібермесе, онда сотқа дейінгі тәртіп сақталмай қалады», – дейді заңгер Бағдат Амандосұлы.