сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 17.10.2023 13:49

"Мұндай дүрбелеңді күтпедік" – Аида Балаева Отандық киноға қатысты пікір білдірді

Фото Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Отандық "Міржақып.Оян, қазақ" фильміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Қазинформ агенттігіне сілтеме жасап. 

Отандық "Міржақып. Оян, қазақ" фильмі көреременге кинотеатр арқылы жол тартқан болатын. Көпшіліктің көңілінен шыққан туындының прокаты мерзімінен соң тағы бір аптаға ұзарған еді. Үкіметте өткен брифинг барысында ұлттық киноға қатысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.

"Барлық прокаттық ұйымның өз кестесі бар. Біз мұндай дүрлігу болады деп ойламадық, сондықтан бір уақытты таңдадық. Көрермендер осы фильмнің көрсетілімі одан әрі жалғасқанын қалаған соң, біз тағы бір аптаға создық. Қазір прокат уақыты аяқталды. Бізде өз көрерменін күтіп отырған басқа да фильмдер бар. Сол себепті бұл жерде қандай да бір проблема бар деп ойламаймын", - деді Балаева.

Дегенмен кино туынды ұлттық арнадан бүгінге дейін үш рет көрсетілген. Бірақ ол уақытта мұндай қызығушылық болмағанын айтады министр.

"Барлық прокаттық ұйымның өз кестесі бар. Біз мұндай дүрлігу болады деп ойламадық, сондықтан бір уақытты таңдадық. Көрермендер осы фильмнің көрсетілімі одан әрі жалғасқанын қалаған соң, біз тағы бір аптаға создық. Қазір прокат уақыты аяқталды. Бізде өз көрерменін күтіп отырған басқа да фильмдер бар. Сол себепті бұл жерде қандай да бір проблема бар деп ойламаймын", - деп мәлімдеді министр Балаева.