сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 17.10.2023 14:50

Алты адамның өмірін жалмаған автобус. Жүргізуші сот үкімін үнсіз тыңдады

Шымкентте алты адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғаның нүктесі қойылды, деп хабарлайды Teznews.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте жүргізушісіз алты адамды қаққан автобус жүргізушісі оқиғаға кінәлі деп танылған болатын. 

Сәуір айында болған апатта автобус жүргізушісі көлікті жол тежегішіне қоймай, сыртқа шығып кеткен.

Автобус қағып кеткен алты адамның ішінен бір ғана әйел аман қалды. Ол мүгедек болып қалды. 

49 жастағы жүргізуші Хайрулла Юлдашевке "екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу" бабы бойынша айып тағылды. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпты үкімді үнсіз тыңдады.