сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 17.10.2023 15:19

“Шәйнекпен басынан ұрған”. Сайрамдық тұрғын полицейге қарсылық көрсеткен

Polisia.kz

Түркістан облысында әйелін қорлаған азамат полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сайрам аудандық полиция басқармасына отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылық туралы хабар келіп түскен. Жетісай ауданының тұрғыны басқармаға хабарласып, оның әпкесін жұбайы қорлап, ұруға тырысқанын айтқан.

Хабарлама түскен бойда учаскелік полиция инспекторлары мекенжайға барып, заңсыз әрекеттердің жолын кесу шараларын қабылдаған. Ер адамға ескерту жасалғаны белгілі болды.

Алайда Сайрам ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларының заңды талаптарын ескермей, полицейді қорлап, балағат сөздер айтқан. Сондай-ақ, тәртіпке шақыруға келген полицейге қарсылық көрсетіп, шәйнекпен басына соққы жасаған.

Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 380-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыс ретінде тіркелді. Сәйкесінше осы баптың санкциялары төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жаза не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.