сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3 17.10.2023 16:34

Жаттығу барысында құлаған 18 жастағы спортшы ауруханада қайтыс болды

smi24.kz

Петропавлда жаттығу кезінде 18 жастағы футболшы қайтыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Жаттығу кезінде 18 жасар спотшы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай ақ халаттылар жас спортшының өмірін сақтап қала алмады. Ол аурухананың қабылдау бөлімінде қайтыс болды.

Әлеуметтік желіде бұл қайғылы оқиғаның видеосы тарады. Кадрда спортшының жүгіріп келе жатып, кенеттен жерге құлап қалғаны көрінген.

16 қазан күні кешкі 20:04 шамасында Петропавл полициясына медициналық мекеменің қабылдау бөлімінде 18 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен.

Аталған оқиғаға қатысты ішкі істер министрлігі хабарлады. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта жас спортшының өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды