сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 18.10.2023 10:43

2:1. Қазақстан құрамасы Фин футболшыларын жеңді

Sports.kz

17 қазанда Финляндия футболшыларына қарсы ойнаған Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Финляндия құрамасына қарсы Қазақстан ойыншылары кезекті матчты еңсерді. Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында ұлттық құрама жеңіске жетті.

Ойындағы алғашқы голды 28-минутта фин футболшысы Тейлор Роберт соқты.

Тартысты ойынның алғашқы кезеңінде қазақстандық команданың шоты ашылмады.  

Екінші таймда жартылай қорғаушы Бақтияр Зайнутдинов 77-минутта есепті теңестіріп, гол соқты. Екінші ұпайды 90-минутта Зайнутдинов салды. Ол қарсыластар қақпасының алыс бұрышын басымен соққы жасап, футбол сүйер қауымды қуантты.

Кездесу 2:1 есебімен ұлттық құраманың пайдасына аяқталды.