сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 36 18.10.2023 14:49

Кәмшат Жолдыбаева жолдасымен түскен фотосын желіге жүктемеу себебін түсіндірді

Youtube/@ShowBusinessKazakhstan

Әнші, Кешью тобының бұрынғы мүшесі, жақында тұрмыс құрған Кәмшат Жолдыбаева жан-жарымен түскен естеліктерін Instagram парақшасына бөліспейді. Өнер иесі оқырмандарының сұрақтарына жауап беру арқылы бұл әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Талайды тамсандырған әнші бірнеше ай бұрын тұрмыс құрып, танымал актер Ғазірет Ержановпен шаңырақ көтерген еді. Алайда әнші тұрмыс құрған сәтінен бастап жолдасымен бірге түскен фото-видеоларды желіге жүктемейді.

Оқырманның сауалдарына жауап беген Жолдыбаева өз парақшасында "Кешіріңіз, оған рұқсат жоқ", - деп жазды.