сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 18.10.2023 16:46

Ұлымның оқу ақысы 4 миллион 200 мың теңге - Дастан Оразбеков

dastanello Instagram-парақшасынан

"Орда" тобының әншісі Дастан Оразбеков “Revue news” бағдарламасында отбасына қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Танымал әнші Дастан Оразбеков НТК арнасына берген сұхбатында отбасы туралы бөлісті. Әншінің Алдияр және Демирел есімді қос ұлы бар. Өнер иесі шығармашылық жолымен уақыттың тығыздығына қарамастан, балаларының өміріндегі маңызды сәттерде жанынан табылатынын айтты. 

Әншінің екінші ұлы биыл бірінші сыныпқа барған. Ол екінші ұлының жекеменшік мектебіне миллиондап төлейтінін жасырмайды.

“Екінші ұлымның оқу ақысы 4 миллион 200 мың теңге. Иә, балам жекеменшік мектепке оқиды. Менің ойымша, әр ата-ана баласының жағдайын қарап береді ғой. Мен балаларымның оқуына қатты мән беремін. Үлкен ұлым Алдияр Haileybury-де, одан да қымбат мектепте оқыды. Екеуі қазір бір мектепке барып жүр”, – дейді Дастан Оразбеков.