сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 18.10.2023 18:7

Қыз алып қашқандар сотталды

Тараз қаласында қыз алып қашқандар сотталды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Тараз қаласының қалалық сотының үкімімен екі азамат бас бостандығынан айырылған. "Шаңырақ көтеремін" деп шешкендер қыз алып қашып, 7 жылға қамалды.

Белгілі болғандай, қыз бен жігіт былтыр ортақ достары арқылы танысқан.Алайда бірнеше кездесуден соң қыз бала ер адаммен сөйлесуден бас тартқан. Қыздың қарсылығын елемеген Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының азаматтары "ата дәстүрді" сылтауратып, бойжеткенді еркінен тыс алып қашқан.

"Алайда, азамат Ж., қызбен некеге тұру үшін оны алып қашуды шешіп, 2023 жылдың ақпан айында Тараз қаласына келіп, өзінің досы азамат Ж.-мен бірге жоспарын жүзеге асыруға кіріскен. Олар қызды алдап, көлікке күштеп отырғызып, қаладан шығып кетпек болған. Қыздың көмекке шақырған дауысын естіген көршілері полиция шақырған", - деді Жамбыл облысы прокуратурасы.

Полицейлердің жедел әрекетінен күдіктілер қолға түсіп, қылмыстық іс қозғалған. Нәтижесінде болашақ күйеу жігіт пен оның досы 7 жылға бас бостандығынан айырылған.