сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 18.10.2023 18:18

Жаңа Қазақстан. Алматылық балалар шеру ұйымдастырды

Qumash Telegram-арнасы

Алматыда кішкентай балалар митинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Qumash агенттігіне сілтеме жасап.

Алматылық кішкентай тұрғындар жолсыз көшеге наразы. "Алматы - 1" теміржолының аумағындағы Воронеж және Крыжицкий көшелеріндегі балшықты көрсетіп, қолдарына плакат ұстады. 

Балалардың салған суреті мен жазудан олардың туғаннан бері осы балшықты кешіп жүргені айтылған.

“Мен туғаннан бастап асфальт көрмедім”, “Мен мектепке кірленген аяқ киіммен келемін”, “Біз Жаңа Қазақстанның болашағымыз және біз балшықтың ортасында өмір сүреміз” деген наразылықтарын білдірді. 

Басылымның мәліметінше, соңғы 4 жыл осылай жалғасып келеді екен.

"2019 жылдың жазында кәріз құбырларын салу үшін бәрін қазып тастаған. Содан бері аймақ әкімдіктің қарауынсыз қалған", – делінген.