сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 11 19.10.2023 11:36

Шымкентте “қыз алып қашу” деңгейі қандай?

azattyq.org

Шымкентте биыл қыз алып қашуға қатысты дерек тіркелмеген, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Шымкент қаласының прокуратурасында қыз алып қашуға қатысты жағдайларға байланысты кеңес өтті.

Қала прокуроры Ғабит Мұқановтың хабарлауынша, адамды еркінен тыс алып қашу фактілер мегаполисте әлі де жыл сайын тіркеледі.

Соңғы екі жылда "қалыңдықты" алып қашу белгілері бар 25 дерек тіркелген. Ал биыл мұндай оқиғаларға қатысты дерек жоқ болып шықты.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істердің барлығы қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған. Негізінен қалыңдықтардың өздері күйеу жігіттің үйіне өз еркімен келгені туралы арыз жазғаны белгілі болды.

Прокурордың пікірінше, неке алдау мен зорлық-зомбылықтан басталмауы керек. Жас-жұбайлар асығыс қадамнан қорғагуы қажеттігін жеткізді.