сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 10 19.10.2023 12:41

Түркияда тағы бір қазақстандық қайтыс болды

Түркияда қазақстандық жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров растады.

Қайғылы қаза Аланиядағы "ажал жолы" аталған тас жолда болған.

«Бір ай бұрын ғана Атыраудан барған отбасының Түркияда көлік апатынан қаза болғаны туралы ақпарат есеңгіреткен еді. Жол-көлік оқиғасы тағы да осы Аланиядағы D-400 тасжолында болды. Жергілікті тұрғындар оны «ажал жолы» деп атайды. Жол жағалауды көктеп өтеді. Теңізге жету үшін жолды кесіп өту қажет. Қайғылы оқиға туралы түркиялық пабликтер жазды», – деп жазды қайтыс болған әйелдің туысы.