сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 58 19.10.2023 15:3

Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруі мүмкін бе?

Jannatýl Ferdaýsi ютуб арнасынан фото

Қазақстанда уақыт белдеуі өзгеруі мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Экология және табиғи ресурстар министрлігі жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы  Stan.kz сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпаратта уақыт белдеулерінің өзгеретіні туралы айтылған.  

Бұл дерекке Экология және табиғи ресурстар министрлігі пікір білдірді.

"Бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу, оған байланысты Қазақстанның батыс облыстары, атап айтқанда: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары 2023 жылғы 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні (сағат 00:00-де) бір сағат бұрын астаналық уақытқа ауыстырылады", - делінген.

Экология министрлігі Қазақстандағы уақыт белдеулерінің бірыңғай тәртібін орнатып, зерттеудің жүріп жатқанын растады. 

"Бұл мәселе бойынша шешім қабылданған жоқ. Шешім мәселені егжей-тегжейлі зерделеп, қоғаммен кеңінен талқылаудан кейін қабылданады. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында уақыт екі әкімшілік уақыт белдеуінде есептеледі: 4-ші (БҚО, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) және 5-ші (Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және басқа облыстар)", - дейді министрлік.