сенбі, 27 шілде 2024
Таным 18 19.10.2023 17:46

Алматыда Орта Азиядағы ең үлкен кинотеатр ашылмақ

Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен кинотеатр ашылмақ, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда Орталық Азиядағы ең үлкен IMAX экраны бар 16-залды Halyk IMAX Kinopark 16 кинотеатрының ашылуы жоспарлануда.
Жақында Aport East жаңа сауда орталығында 481 адамдық  алғашқы IMAX лазерлік залы ашылады.

Жаңа кинотеатрда жарқын аудио, үлкен әрі анық экрандар, ыңғайлы орындықтар болмақ.

Кинотеатр биіктігі 14 метр және ені 24 метрді құрамақ.