сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3 19.10.2023 17:59

"Ең төменгі зейнетақы мөлшеріне өмір сүру мүмкін емес!" - Әділ Жұбанов

atr.kz

Халықтың әлеуметтік жағдайы отыз жылдың ішінде шешілмеген мәселе екендігі айтылды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Мемлекеттік басты қазынасы - халық. Ал халықтың әлеуметтік жағдайы жәрдемақылар мен айлық мөлшеріне байланысты.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат, AMANAT фракциясының мүшесі Әділ Жұбанов ең төменгі жалақыны теңестіруді ұсынды.

Депутат жиында жаңа зейнетақы реформасын жасақтап, ең төменгі зейнетақыны мөлшерлемесін ең төменгі жалақымен теңестіру керектігін айтты.

«Қазақстанда 30 жыл ішінде әлеуметтік сала бойынша шешімін таппаған ең басты мәселе – халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігі. Еліміз бай болса да, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтылған халық саны жыл сайын артып отыр. Шын мәнінде, 30 жылда ең төменгі жалақы мен зейнетақыны місе тұтып келеміз. Бұл халықтың қарызға кіріп, несиенің құрығына түсуге итермелейді. Мемлекет белгілеген ең төменгі зейнетақы мөлшерi – 57 853 теңгеге өмір сүру мүмкін емес», - деді депутат.