сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3 19.10.2023 18:15

Қ.Боранбаевтың тағы бір мүлкі мемлекет меншігіне өтті

aikyn.kz

Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қайрат Боранбаев биыл 31 наурызда Сот үкімімен сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қаржы мониторингі агенттігі «Қаражанбас Северный» кен орны мемлекет меншігіне қайтарды. Кен орнының өндірістік параметрлерінің құны 35,4 миллиард теңге.

Экс-кәсіпкер Боранбаев нарықтық құны 14 миллиард теңгеге жуық «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді.

Сонымен қатар құны 9 миллиард теңге болатын «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамды құрайды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 14 қыркүйек күні Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевтың 120 миллиард теңге мүлкін, қазан айының 16-сы күні  құны 1,4 млрд теңге болатын «Comfort Hotel Astana» қонақүйін мемлекет меншігіне қайтарылған еді.

17 қазанда кәсіпкердің шетелге аударылған 30 млрд теңгені Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударғаны айтылды.