сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 20 20.10.2023 9:58

Қазақ тілін “мамбеттердің тілі” деген бойжеткен көпшіліктің ашуына тиді

Желідегі парақшасында қазақ тілін "мамбеттердің тілі" деп атаған бойжеткен көпшіліктің ашуына тиді, деп хабарлайды Teznews.kz тілшісі.

Пайдаланушылар қызды оның сөздері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады.

 "Шынымды айтсам, қазақ тілін, яғни "мамбеттердің тілін" мүлде ұнатпаймын. Мамбеттер, ауылдан келгендер жынымды келтіреді, солардың кесірінен қаламызда кептеліс болып жатыр. Маған қазақ тілі, мамбет тілі, қырғыз тілі ұнамайды", - деді ол видеода.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 174-бабы "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Құқық қорғау органдарының өкілдері қала тұрғынына қатысты ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатынын толықтырды.