сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 20.10.2023 11:54

Петропавлда әйел адам көпірден құлап кетті

Петропавлда көпірден құлаған әйелді полицей құтқарып қалды, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

18 қазан күні полицейлерге Есіл өзеніндегі автокөпірдің маңында әйелдің суға батып, жағаға шыға алмай жатқаны туралы қоңырау түскен.

Көпірден құлау оқиғасы кездейсоқ не әдейі болғаны белгісіз. Оқиға орнына жылдам арада патрульдік полиция батальонының экипаждары жөнелтіліп, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен медициналық көмек шақырылған.

Оқиға кезінде қараңғыда әйелдің айқайлаған дауысы естілген. Полицей Олег Головин көпірден суға құлаған азаматшаны құтқаруға асыққан.

"Әйелді табу оңай болған жоқ. Ол қараңғыда жоғалып, жағадан алыстап бара жатқан, ол қамысқа кептеліп қалды. Әйелдің өзі, шам жарығын көріп, бірақ қозғала алмады», - дейді ол.

Жедел жәрдем келіп, 32 жастағы әйелді медициналық мекемеге жеткізді.