сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 11 20.10.2023 12:28

Елордада бір ауданды көркейту үшін 848 миллион теңге қажет

яндекс

Астананың сол жағалауындағы Есіл ауданын көркейтуге 848 миллион теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл миллиондаған қаражат мемлекеттік сатып алу сайтында жария болған. Көпшіліктің назарына бірден іліккен сомманың мақсатын әкімдіктегілер қаражатты қарастыру заңдылық деп түсіндірді. 

Биліктің сөзінше, Есіл ауданы елорданың сол жағалаудағы көрнекті орындарды қамтиды. Ал қыруар қаржы өңірге келетін қонақтар мен туристердің жағдайы үшін игерілмек. 

Аудандағы түрлі қоғамдық, мәдени орындар мен саябақтарда елордалықтар серуендеп, бос уақыттарын өткізеді.

Ал сайттағы тапсырыс алдағы мерекелік күндерге арналған қаржы. Яғни, 25 қазан -  Республика күні мерекесіне орай, Тәуелсіздік күні мен жаңа жылдағы безендіруге жұмсалатыны айтылды.

Есіл ауданы әкімдігінің жауабында аталмыш мерекелерде сол жағалаудың басты көшелері мен көпірлері жалаулармен сәнделетіні айтылған:

“Есіл ауданында шет мемлекеттердің ресми делегацияларының қатысуымен халықаралық ісшаралар өткізіліп жатқанын ескере отырып, осы мемлекеттердің тулары мен бағдарды тиісті түрде жобалау, шағын архитектуралық пішіндерді, подиумдарды, сахналарды шығару, орнату және демонтаждау, көпшілік іс-шаралар, соның ішінде концерттер, ашық аспан астындағы, көрме, жәрмеңке өткізу үшін киіз үйлер беріледі”, –делінген әкімдік хабарламасында.