сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 13 20.10.2023 15:25

Түркістанда 15 қыз бала зорланғаны рас па?

Түркістанда кәмелет жасына толмаған 15 қыз зорланғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл оқиғаға қатысты өңірдің Полиция департаментінің бастығы пікір білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Белгілі адвокат Айман Омарова әлеуметтік желіде Түркістан облысында ер адамның балаларды зорлауына қатысты мәліметтер жариялаған еді. Адвокат зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыздардың саны артқанын айтады.

Осы ақпаратқа облыстың Полиция департаментінің басшысы мәлімдеме жасады. 

"Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында ер адам тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың саны 15-ке жеткені туралы шындыққа жанаспайтын жарияланым бойынша түсіндіремін. Түркістан облысы Полиция департаментіне 2023 жылы 19 қазанның дәл осы уақытына дейін 3 азамат арызданған. Ешқандай 15 дерек немесе 15 арыз, 15 жәбірленуші деген жоқ. Сонымен қатар, басқа да жәбірленушілерді анықтау мақсатында жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырып жатырмыз. Осыған байланысты Түркістан облысының Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК-нің 274-бабымен жауапкершілікке тарту қарастырылғаны туралы ескертеді. Сіздерден тек ресми дереккөздерге сену мен сүйенуді сұраймын ", - деді Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов.