сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3 20.10.2023 16:21

16 жастағы жасөспірім анасын өлтірген

Батыс Қазақстанда 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

Қайғылы оқиға 18 қазан күні болды. Батыс Қазақстан Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын растады. Ал дәрігерлер оның өлімін тіркегенін жеткізді.

Полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Сотқа дейінгі тергеу басталған. Тергеу мүддесі үшін полиция басқа ақпаратты жариялай алмайтыны айтылып отыр.

Ең сорақысы күдікті ретінде марқұмның баласы анықталып отыр.