сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Білім 335 21.10.2023 10:25

Студентті дәптермен ұрған оқытушы жұмыстан шығарылды

Видеодан алынды

Теміртау техникалық колледжінің студенттері мұғалімнің үстінен шағымданды, деп хабарлайды Teznews ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Мекеме басшылығы мұғалімді жұмыстан шығаруға уәде берді. Себебі педагог білім алушыны бүкіл сыныптың көзінше дәптермен қайта-қайта ұрған.

Мұғалімнің бұл әрекетін түсіргендер әлеуметтік желіде жариялаған.

Автор мұғалімнің бұл әрекеті физикалық тұрғыдан зиян тигізбесе де, моральдық тұрғыдан алғанда мұғалімнің мұндай әрекеті жеке адамға қарсы қылмыс болып табылатынын жазды.

Теміртау техникалық колледжі мемлекеттік мекемесінің басшылығы да өз қызметкерінің педагогикалық этиканы өрескел бұзғанын мойындап, мәлімдеме жасады.

«Педагогикалық әдепті өрескел бұзғаны үшін мұғаліммен еңбек шарты бірінші жұмыс күні, дүйсенбі, 23 қазанда бұзылады.Мұғалімнің әрекетінен зардап шеккен студентпен психолог жұмыс істейді. Студент және оның құқықтық өкілдерінің колледжге ешқандай талаптары жоқ», - дейді колледж басшылығы жағдайға қатысты.