сейсенбі, 24 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 21.10.2023 11:34

Қазақстан неге Ресейден астық тасымалдап отыр?

mysty-onir.kz

Қазақстан былтыр Ресейден 3 миллион тонна бидай сатып алған, деп хабарлайды Teznews.kz ақпараттық порталы.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев былтыр еліміздің Ресейден миллииондаған тонна бидай алғанын айтты.

Дегенмен Қазақстан астық өндіру бойынша алдыңғы қатарда. Министрге БАҚ өкілі неліктен көршінің астығына көз салып, жыл сайын сатып алу себебін сұрады. Журналистің сауалына:

Былтыр Қазақстан Ресейден 3 млн тонна бидай сатып алды. Биыл болжам бойынша 2 млн тоннаға жетпек. Біз ауа райының қолайсыздығынан тапшылық болмауы үшін көрші елден алуға мәжбүрміз. Бұл жерде астықты арзанға алып қымбатқа сатпақшымыз, бұл сауда...ондай да болады. Иә, өзіміз шығарып, қамтамасыз етеміз бірақ тапшылық пен бағаны тұрақтандыру үшін Ресейден алып келеміз, - деп жауап берді министр Арман Шаққалиев.

Ал елдің сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков:

Ұн өндіретін комбинаттары жылдың соңғы үш айында 650 мың тонна ұн өндіреді. Оның 30 пайызы ғана ішкі нарыққа керек. Қалғанының бәрі шетелге экспортталады. Сол кезде біздің ұн қазіргі жағдайдағы Ресейдің ұнынан қымбат болуы мүмкін. Комбинаттар конкуренцияға шыдай алмай қалады. Сол себепті комбинаттар көрші елден тікелей өздері ұн сатып алып, әрі қарай Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстан елдеріне сатуға мүмкіндік болады, - деді Айдар Әбілдабеков..

Төраға көрші елдің астығынының арзан болуы қазақстандық фермерлерге мүмкіндік беретінін айтады.